KASE қазақстандық қор биржасы АҚШ доллары бағамының өскенін хабарлады.
Бір тәулікте доллар 3,59 теңгеге нығайды.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша 16 маусымда доллар бағамы 442,17 теңгені құрады.
Бір тәулікте доллар 3,59 теңгеге, бір айда 9,38 теңгеге қымбаттады.
Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде доллар 440-441 теңгеден сатып алып, 445-446 теңгеден сатады.
ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 117,5 долларды құрайды.
16 маусымда Ұлттық банк белгілеген доллардың ресми бағамы — 438,43 теңге.