Қазақстан Ұлттық банкі ағымдағы жылдың соңында цифрлық теңге енгізілетінін хабарлады.
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстанда цифрлық теңге қашан енгізілетінін айтты. Сондай-ақ, криптовалютаны заңдастыруды күтудің қажеті бар ма?
ҚР Ұлттық банкі шілденің соңына дейін осы мәселе бойынша шешім қабылдау әдістемесін жариялайды. Ал шешім жыл соңына дейін қабылданады.
«Бастапқыда біздің жоспар бойынша осы жылдың ортасына дейін әдістемені қабылдау ескерілген, ол бойынша цифрлық теңгеге қатысты биылдың соңына дейін шешім қабылдаймыз. Сондықтан цирфлық теңгені енгізу мерзімін кейінге шегеру мәселесі қаралып отырған жоқ. Біз жоспарлағандай, маусым айының соңына дейін тиісті әдістемені жариялаймыз және осы әдістемеге сәйкес цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдаймыз», — деді Пірматов.
Криптовалютаны заңдастыруға әзірге асықпауда. Алайда, Пірматов орталықсыздандырылған қаржының барлық артықшылықтарын пайдалану қажеттігін атап өтті.
Монетарлық реттеуші базалық мөлшерлемені 14% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім инфляция болжамы негізінде 13-15% деңгейінде қабылданды. Азық-түлік өнімдері бағасы неғұрлым өседі деп күтілуде.