Қазақстанда теміржол билетінің бағасы қайта көтеріледі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі Қазақстанда облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызды бағыттарға темір жол билеттерінің бағасы көтерілетінін хабарлады.

«2021 жылғы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңы қатынастарындағы барлық әлеуметтік маңызы бар маршруттарға теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау құнын 7%-ға жоспарлы индекстеу көзделуде», — деп атап өтті ұлттық көлік-логистикалық холдинг.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар тасымалы жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар кешенін жүргізуде. Жылжымалы құрам паркі жаңартылады.

Добавить комментарий