Барреліне 122 доллар: мұнай бағасы наурыз айындағы деңгейге жетті

Әлемдік нарықта мұнай бағасының өсті. Оның құны Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциялары аясында 3%-ға көтерілді.

ICE биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстерінің бағасы 24 наурыздан бастап алғаш рет барреліне 122 доллардан асты.

Мұнай бағасы 3%-ға өсті. Шілде айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай барреліне 118,1 долларға дейін қымбаттады.

30 мамырда Еуроодақ басшысы Шарль Мишель Еуроодақ елдерінің басшылары ресейлік мұнайдың 2/3 импортына тыйым салу туралы келісімге келгенін хабарлады. Эмбарго уақытша шикізатты құбыр арқылы жеткізуге қолданылмайды. Еуроодақ елдері 2022 жылдың соңына қарай Ресейден мұнай импортын 90%-ға дейін қысқартпақ.

Добавить комментарий