Қазақстанда доллар бағамы күрт өсті

Қазақстанның қор биржасындағы доллар бағамы күрт көтерілді.

KASE хабарлағандай, сағат 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы бірден 1,94 теңгеге көтеріліп, 423,12 теңгені құрады.

Айырбастау пункттерінде долларды 423,1-424,7 теңге, еуроны — 500,5-504 теңге, Ресей рублін — 5,55-5,70 теңгеге сатып алып/сатып жатыр.

Сонымен қатар, 25 наурыз күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы төмендеді.

Мәселен, WTI маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 1,77%-ға төмендеп, барреліне $60,10 болды.

Мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,46%-ға төмендеп, барреліне $63,47 болды.

Добавить комментарий