Дания Украинаға кемеге қарсы зымырандар береді

Дания билігі Украинаға «Harpoon» кемеге қарсы зымырандар мен ұшыру қондырғыларын беретінін мәлімдеді.

Дания Украинаға «Harpoon» зымырандарын және ұшыру қондырғыларын береді

Бұл Украинаға Қара теңіздегі блокаданы жоюға септігін тигізеді.

Дүйсенбі, 23 мамыр күні 44 елдің қорғаныс министрлерінің виртуалды кездесуі өтті, онда Дания Украинаға «Harpoon» кемеге қарсы зымырандарын және олардың ұшыру қондырғыларын беруге келісті. Бұл туралы Пентагон басшысы Ллойд Остин кездесуден кейін өткен брифингте мәлім етті.

«Мен бүгін Украинаға өз жағалауын қорғауы үшін Harpoon ұшыру қондырғылары мен зымырандарын беретінін жариялағаны үшін Данияға ерекше алғысымды білдіремін», — деді Остин.

Harpoon зымырандары 300 шақырым қашықтыққа ұшады. Украинада олардың көмегімен украиналық порттарды қайтарып алғысы келеді. Британиялық барлау қызметінің мәліметі бойынша Қара теңіз аймағында Ресей ӘТК-нің 20-ға жуық кемесі тұр.

Остиннің айтуынша, барлығы 20 ел Украинаға әскери көмектің жаңа пакетін беретінін жариялады. Италия, Грекия, Норвегия, Польша және бірнеше ел артиллериялық жүйелер мен оқ-дәрілерді беретінін жариялады

Басқа елдер украиналық әскерилерді оқытуды және олардың әскери жүйелерін жаңғыртуды ұсынды.

Виртуалды кездесуге өткен айда Рамштайнда болмаған төрт жаңа ел қосылды: Австрия, Босния және Герцеговина, Колумбия және Косово.

Добавить комментарий