Украинадағы соғыста екі америкалық ерікті қаза тапты

АҚШ мемлекеттік департаменті өз еріктерімен Украина жағында соғысқа қатысқан екі америкалық азамат қаза тапқанын растады.

Хабарламаға сәйкес, олардың бірі, 22 жастағы Эдвард Уилтон АҚШ армиясында әскери борышын өтеген, Бахмуттағы ұрыста қаза тапты. Екіншісі, Грейди Курпаси 2022 жылдың сәуірінен бері хабар-ошарсыз кеткен.

Курпасидің отбасы оның басып алынған Донецк қаласындағы ауруханада болуы мүмкін екенін екенін айтқан, бірақ оның нақты қайтыс болған күні белгісіз .

Департамент атап өткендей, қаза тапқандардың туыстарына барлық қажетті консулдық көмек көрсетілуде, сондай-ақ қайтыс болғаны туралы консулдық хабарлама беріледі.

Украина жағындағы соғыып жатқан кем дегенде сегіз АҚШ азаматы қаза тапты.

Добавить комментарий