Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Украина президенті Владимир Зеленскийге Украина астығын экспорттау мүмкіндігіне қол жеткізу үшін барын салуға уәде берді.
Ол сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың барлық мүшелері Украинаға өз бостандығы үшін күресте көмек көрсету қажеттігін атап өтті
Бұл туралы Ұлыбритания премьерінің кеңсесі жексенбі күні Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлескеннен кейін таратқан мәлімдемесінде айтылған.
«Премьер-Министр Украина халқын қажетті азық-түлік пен гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерді екі есеге арттыруға, сондай-ақ елдің әлемнің басқа елдеріне экспортты жүзеге асыру мүмкіндігіне қол жеткізуі үшін барын салады», — делінген хабарламада.
Джонсон сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың барлық мүшелері Украинаға өз бостандығы үшін күресте дәл қазір және ұзақ мерзімді перспективада көмек көрсету қажеттігін атап өтті.