Францияда сатанист жасөспірімді өлтірді

Француз полициясы елдің оңтүстік-шығысындағы Тараскон коммунасында 13 жасар жасөспірімнің өлтірілгенін хабарлады.

Жасөспірімнің денесі бөлшектелген күйінде табылды. Полиция қанды қылмысты оның көршісі, 32 жастағы сатанист жасады деп есептейді.

Le Télégramme жазуынша, баланың мәйіті қаланың орталығындағы пәтерден табылды. Полиция баланы психикалық ауытқуы бар 32 жастағы көршісі өлтіріп, басын кесіп тастады деп есептейді. Ол бұған дейін де зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапқа тартылған. Қандықол қылмыскерді баланың денесі табылғаннан кейін үш сағат өткен соң ұсталды. Ол шатыр арқылы қашып кетпек болған, бірақ полиция қызметкері оны атып өлтірді. Күдікті оқиға орнында қайтыс болды. Пәтерінен табылған заттарға қарағанда, ол сатанист болған.

Қазір тергеушілер баланы өлтіру оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

Добавить комментарий