Қазақстан мен Мальдив аралдары 30 күндік визасыз режим енгізу туралы келісімге қол қойды.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мальдив Республикасының Үкіметі арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды, бұл екі елдің азаматтарына Қазақстан мен Мальдивтер аумақтарына 30 күннен аспайтын мерзімге келуге және онда болуға мүмкіндік береді», — деп хабарлады СІМ.
Министрлік, жұмысқа орналасу, білім алу немесе іскерлік мақсатта кіруге ниет білдірген адамдар тиісті визаны ресімдеу қажет екенін еске салды.
Қазақстандықтар үшін жарамды құжаттар:
дипломатиялық паспорт;
қызметтік паспорт;
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
қайтып оралуға арналған куәлік.
2021 жылдың 4 қазанынан бастап Air Astana Алматы — Мале (Мальдив) бағыты бойынша тұрақты рейстерді қайта бастады.