Литва РФ-ны терроршы мемлекет деп танығанын мәлімдеді

Литвалық Delfi басылымы республика билігі Ресейді ресми түрде терроршы мемлекет деп танығанын хабарлады.

«Кремль режимі Украина ұлтын жоюға барын салып жатыр, сондықтан мұндай әрекеттерді геноцид деп тану керек, ал Ресей терроризмді қолдап, және оны іске асырып отырған мемлекет болып табылады», — деп мәлімдеді сейсенбі күні Литва парламенті.

Сейм тиісті қарарды қарарды қабылдауға бірауыздан дауыс берді — 128 дауыс.

«Ресейлік қарулы күштер мен жалдамалы әскерлері Украина аумағында, әсіресе Буча, Ирпень, Мариуполь, Бородянка және Гостомель қалаларында өрескел әскери қылмыс жасады», — делінген Сеймнің қарарында.

Қарарға сәйкес, «Украина ұлтын, оның рухын толық бір отбасылары мүшелерін, оның ішінде балаларын өлтіру, кәмелетке толмаған балаларды ұрлау, азаптау, зорлау, сонымен қатар қайтыс болғандардың денелерін қорлау арқылы толықтай немесе ішінара жою мақсатын көздеп отыр».

Добавить комментарий