KASE Қазақстан қор биржасы жариялаған деректерге сәйкес доллардың орташа алынған бағамы 445,62 теңге болды.
Сауда-саттыққа қатысушылар жалпы сомасы 96,1 млн. доллар болатын 252 мәміле жасады.
Осылайша ұлттық валюта 2 теңгеге нығайды.
Бір күн бұрын доллардың орташа алынған бағамы 447,67 теңге деңгейінде болды.
Айырбастау пункттері долларды орта есеппен 442-447 теңгеге сатып алып, 447-451 теңгеге сатады.
Рубльдің орташа алынған бағамы 6,23 теңгені құрады. Сауда-саттыққа қатысушылар жалпы сомасы 788 млн. рубльге 35 мәміле жасады.
Теңге-рубль жұбы бойынша сауда-саттықтың жалпы көлемі 4 млрд рубльден асты.