Украина аумағында ЕҚЫҰ миссиясы жабылады

ЕҚЫҰ төрағасы, Польша сыртқы істер министрі Збигнев Рау мен ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмид бейсенбі күні ЕҚЫҰ-ның Украинадағы Арнайы мониторинг миссиясын (АММ) жабу үшін шұғыл шарадар қабылдайтынын жариялады. Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның бейсенбі күні таратылған мәлімдемесінде айтылған.

Аталған шешім ЕҚЫҰ-ның 2022 жылғы 31 наурыздағы тұрақты кеңесінде миссия мандатын ұзартуға қатысты консенсустың болмауына байланысты қабылданды.

«Мұндай шешім қабылдау оңай емес. Біз Арнайы мониторинг миссиясының мандатын ұзартуға қол жеткізу үшін мүше мемлекеттермен саяси диалог арқылы ықтимал барлық нұсқаларды зерттедік, бірақ Ресей Федерациясының ұстанымына байланысты миссияны жабудан басқа амал қалған жоқ, — делінген Рау мәлімдемесінде. — Миссия жергілікті жерлерде объективті ақпарат беруде, атысты тоқтатуға жәрдемдесуде және бейбіт тұрғындар үшін жанжалдың салдарын жеңілдету бойынша жұмыста шешуші рөл атқарды. «АММ мүшелерінің жұмысы алғысымызға лайық.

Добавить комментарий