Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, Ямайканың лейбористік партиясы Өкілдер палатасында 63 орыннан 49 орынға ие болады
Ямайканың Орталық сайлау комиссиясы жариялаған алдын ала мәліметтерге сәйкес, елдің өкілдер палатасындағы 63 орыннан Лейбористік партия 49 орын алады. Барлық округтерде билеуші партия жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік! Ямайкада ел парламентінің Өкілдер палатасы (төменгі палата) депутаттарының сайлауы өтуде. Тиісті мәліметтерді бейсенбі күні арал мемлекетінің ОСК 99% дауысты санағаннан кейін жариялады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, аталған саяси күш 63 орыннан 49 орынға ие болып, парламенттегі өкілдігін 17 депутатқа ұлғайтады. Ямайка Лейбористік партиясының бағдарламасы ауыл шаруашылығы мен шағын бизнесті қолдауға, сондай-ақ жұмыссыздықты азайтуға және елдің Орталық банкін реформалауға шамамен $100 млн бөлуді ұсынады.
Оппозициялық Халық ұлттық партиясы Өкілдер палатасынан 14 орынды жеңіп алды.
Сайлаушылар тізіміне 1,9 млн адам енгізілді. Ерік білдіру елдің Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған коронавирусты жұқтыруды болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өтті.