Қазгидрометр орталығының хабарлауынша, оңтүстік және оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.
28-30 сәуірде Қазақстанның басым бөлігі Ақ теңіз бен оңтүстік елдерден келетін циклондардың ықпалында болады. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады.
«30 сәуірде Қазақстанның басым бөлігін қамтитын Оңтүстік циклон құрайды. Ол бұршақ пен дауылды әкеледі. Қазақстанның аумағы бойынша жел 15-20 м/с дейін күшейеді, ол оңтүстікте, оңтүстік–шығыста екпіні 23-28 м/с дейін жетеді», — дейді синоптиктер.
Батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте күн суық болады. Республиканың қалған аумағында керісінше, күн жылынады деп күтілуде.