Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті: 336 көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды

«Алматы жылу желілері» ЖШС жер астына түскен жүк көлігі жылу құбырына зақым келтіргенін хабарлады. Бір адам орташа ауырлықтағы дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бүгін сағат 13:00 шамасында жалпы салмағы 27 тонна құм-қиыршық тас тиеген КамАЗ көлігі ауданішілік жылу камерасы орналасқан аумаққа кірді. Оның ауыр салмаққа есептелмеген төсемесі ауыр жүк көлігіне шыдамай, автокөлік жылу камерасының ішіне түсіп кетті.

Алматы қаласы Медеу ауданының аумағындағы Қазыбаев — Назарбаев — Достық — Тайманов көшелерінің бойында орналасқан нысандар жылусыз қалды.

«Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Алайда, жүк көлігінің диаметрі 500 мм құбырды зақымдауы 336 көпқабатты тұрғын үйді, 86 жеке тұрғын үйді, 9 денсаулық сақтау нысанын, 10 балабақша және 6 білім беру нысанының жылумен жабдықтаудан уақытша ажыратылуына әкелді», — делінген хабарламада.

Тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарды сағат 23:00-ге қарай жылумен жабдықтау қалпына келтіріледі деп күтілуде.

Диаметрі 500 мм зақымданған ТМ-3 жылу магистралі 1978 жылы пайдалануға берілген.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда жүк көлігі жерге түсіп кеткен болатын. Қажымұқан көшесінде орын алған оқиғаның видеосы Instagram-да пайда болды.

Добавить комментарий