Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев ҚР Конституциясына түзетулер енгізу туралы ұсыныс енгізді.
Түзетулер халыққа арналған Жолдауда айтылған саяси бастамаларды іске асыру үшін қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа модельді «Екінші республика» деп атады. Ол Қазақстанның билік билік институттарын қалыптастырудың және ықпалдастықтың, жаңа саяси мәдениетті енгізудің мүлде жаңа моделіне көшуін, президенттің өкілеттігін қысқартуды, парламент пен мәслихаттардың рөлін айтарлықтай күшейтуді және азаматтардың қатысуы едәуір кеңейтуді көздейді.
Түзетулердің бірі жер мен жер қойнауына қатысты.
«Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі едәуір күшейеді. Бұл шенеуніктердің өздері қабылдайтын актілердің сапасына деген жауапкершілікті арттырады деп санаймын. Конституциялық деңгейде Адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз уәкілдің құзыреттері мен кепілдіктері бекітіледі. Жалпы, әзірленген өзгертулер мен толықтырулар топтамасына Жолдауда айтылған саяси бастамалар мен Конституцияға енгізілуі қажет түзетулерді іске асыруға тиісті нормалар ғана енгізілгенін атлдау, Қасым-Жомарт Тоқаев, ұснап өткен жөн. Басқа да өзекті өзгертулер конституциялық және басқа да заңдар аясында бекітіледі», — деп түсіндірді Президент.
Конституцияның 6-бабында халық жер және оның қойнауы, табиғи ресурстардың меншік иесі болып табылады деген норманы бекіту көзделеді.
«Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы», — деді Президент.
Қазір бұл тармақ «Жер және оның қойнауы, сулары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде. Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттарда және шектерде жеке меншікте болуы мүмкін».