Ердоған РФ президентіне Зеленскиймен кездесуді ұсынды

Түркия Президенті Владимир Путинге тағы да Украина мемлекетінің басшысымен кездесуді ұсынды.

Сондай-ақ Түркия президенті Анкара Украинада бейбітшілік орнату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді

«Президент Ердоған Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің өте маңызды кезеңі болып табылатын Ыстамбұл процесін көшбасшылар деңгейіне шығару туралы ұсынысын қайталады», — деп хабарлады Түркия президентінің кеңсесі.

Сондай-ақ, Ердоған Анкара Украинада бейбітшілік орнату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді. «Президент Ердоған атысты тоқтату, гуманитарлық дәліздердің тиімді жұмысы мен қауіпсіз эвакуациялаудың маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар, Түркия барлық елге зиян келтіріп отырғаны қанды оқиғаларды тоқтату және бейбітшілік орнату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты», — деп атап өтті кеңседегілер.

Түркия Президенті Украина мен РФ делегацияларының кездесуінде оң нәтижеге қол жеткізілді, оны бекіту барлық тараптардың мүддесіне сай келетінін айтты.

Добавить комментарий