Байден демократия үшін күресетінін мәлімдеп, президенттік додаға түспек

Джо Байден мен Камала Харрис 2024 жылы өтетін АҚШ президенті сайлауында кандидатурасын ұсынатынын жариялады.

Джо Байден 2024 жылы АҚШ-та өтетін президенті сайлауына қатысуға ниетті екенін мәлімдеді.

Twitter-дегі парақшасында өзінің алдын ала жазылған бейнеүндеуінде демократия мен «Американың жан дүниесі» үшін күресіп жатқанын атап өтті.

Бұған жауап ретінде АҚШ вице-президенті Камала Харрис те Байденмен бірге 2024 жылы вице-президенттік лауазым үшін сайлауға түсетінін айтты.

Осылайша, Байден мен Трамп арасындағы саяси текетірес қайта басталуы мүмкін.

Добавить комментарий