Украинаның мемлекеттік тергеу бюросы украиналық саясаткер Виктор Медведчуктың мүлкіне тыйым салынғанын хабарлады.
Атап айтқанда, 150-ден астам мүлкіне тыйым салынды, оның ішінде: автокөліктер, үйлер, жер учаскелері және компаниялардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі.
Львовтың Лычаков аудандық соты ОТӨҮ төрағасы Медведчук пен оның әйелі Оксана Марченконың 154 жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салды.
Ведомствоның және Бас прокурордың кеңсесінің ұсынысы бойынша оның мүлкіне тыйым салынды, деп хабарлайды МТБ баспасөз қызметі.
«Тыйым салынған мүліктер: 26 автокөлік, 30 жер учаскесі, 23 үй, 32 пәтер, 17 тұрақтағы орны және моторлы яхта. Виктор Медведчук немесе оның әйелі бенефициарлық иесі болып табылатын 25 компаниядағы жарғылық капиталдағы үлесіне тыйым салынды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін сот яхта мен отбасының басқа да жылжымайтын мүлкіне тыйым салған болатын.
Еске салайық, 12 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында Медведчуктың қолына кісен тағылған суретін жариялап, МТБ арнайы операциясын жүргізгенін мәлімдеді.