Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жаңа басшысы тағайындалды

Қазақстан президентінің бұрынғы көмекшісі Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

«Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын», — делінген Мемлекет басшысының жарлығында.

Тамара Дүйсенова 2013-2014 жылдары Еңбек министрі лауазымын атқарды. 2014 жылғы тамыз бен 2017 жылғы қаңтар аралығында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі болды, 2018 жылғы ақпанға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына қайта сайланған. Кейін «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысы болып жұмыс істеді.2020 жылғы мамырда ҚР президентінің көмекшісі — ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Добавить комментарий