Украина министрлер кабинеті нысандарды қалпына келтіру үшін 1 млрд бөлді

Украина министрлер кабинеті қарулы қақтығыс кезінде қираған нысандарды қалпына келтіру үшін 1 млрд гривен бөлгенін хабарлады.

Бөлінген қаражат жылу, газ, су және электр энергиясын қалпына келтіру үшін жұмсалады.

Премьер-министр Денис Шмыгаль министрлер кабинеті РФ әскерлерінен босатылған елді мекендерді қалпына келтіру үшін резервтік қордан бір миллиард гривен бөлгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Аталған сомадан Киев облысына 400 млн грн, Чернигов және Сума облыстарына 250 млн грн және Житомир облысына 100 млн грн бөлінеді.

«Ақшалай қаражат әскери іс-қимылдардың салдарын жоюға және бірінші кезекте инфрақұрылымды қалпына келтіруге жұмсалады. Қаражат жылу, газ, су, электр энергиясын қалпына келтіру үшін инженерлік желілер мен жүйелерді жөндеуге бағытталады», — деп атап өтті Шмыгаль.

Оның айтуынша, қаражат қирандыларды бұзуға, шатырларды жөндеуге, терезелер мен есіктерді ауыстыруға, жолдағы шұңқырларды жоюға және басқа да қажеттіліктерге жұмсалады. Әр облыстағы әскери-азаматтық әкімшіліктер қаражатқа жауапты болады, ал процесті Қауымдастықтар мен аумақтарды дамыту министрлігі дамыту министрлігі үйлестіреді.

Шмыгаль Украинаны толық қалпына келтіруге билік «жеңіске жеткеннен кейін бірден» кірісетінін айтты

Добавить комментарий