
Сербия президенті Александр Вучич 6 маусым күні кешке халыққа арнайы үндеу жолдайды. Онда ол Ресей сыртқы істер министрінің сапарына қатысты елдің ұстанымын жариялайды деп күтілуде.
Лавров 6-7 маусымда Белградқа сапармен ұшып келуі керек еді, бірақ оған көршілес елдер әуе кеңістігін жауып тастады.
Сербияның теңізге шығу мүмкіндігі жоқ. Ол сегіз елмен қоршалған. Жақында Болгария, Солтүстік Македония және Черногория Ресейдің үкіметтік ұшақтарын қабылдаудан ресми түрде бас тартты. Басқа еуропалық елдер де әуе кеңістігін жауып тастаған.