Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Мұхтар Тілеуберді ҰҚШҰ-ның бітімгерлік күштері Украина аумағына жіберілмейтінін айтты.
Министр ҰҚШҰ әскерін Украинаның шығысындағы өзін-өзі жариялаған сепаратистік — «ЛХР» және «ДХР» аумағына жіберу мүмкін емес екенін айтты.
«Жоқ, бұл мүмкін емес, себебі ҰҚШҰ жарғысы әскери және бітімгерлік күштерді пайдалануды қатаң шектейді. Олар ҰҚШҰ аумағында ғана пайдаланыла алады», — деді Тілеуберді журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
ҰҚШҰ-ға Ресей және Қазақстанмен бірге Қырғызстан, Армения, Беларусь және Тәжікстан мүше.