Биылғы жылдың сәуір айында Instagram-ның ресейлік баламасына кез келген адам тіркеле алады. Сервис «Росграм» деп аталатын болады.
Жаңа әлеуметтік желіде монетизацияның қосымша құралдары болады.
Наурыз айының соңында интернетте Instagram-ның орнына ресейлік «Россграм» әлеуметтік желісі іске қосылады, деп хабарлайды «Федерал пресс». 14 наурызда Ресейде Instagram-ға тыйым салынды.
Блогерлер мен серіктестер 28 наурызда «Россграм» әлеуметтік желісіне кіре алады. Сәуір айында әлеуметтік желі кез келген пайдаланушы үшін қолжетімді болады. Павел Дуровтың курстасы Александр Зобов бастаған әзірлеушілер тобы Instagram-нан пайдаланушылық мәліметтерді көшіру бойынша жұмыс істеп жатыр.
«Жаңа әлеуметтік желіде барлық функциялар болады, сонымен қатар пайдаланушылар үшін қосымша монетизациялау құралдары да болады — контентке ақылы қол қолжетімділік, қаражат жинау функциясы (краудфандинг), рефералды бағдарлама», — деп уәде берді Зобов.