ІІМ зорлық-зомбылық құрбандарының 40%-ы ер адамдар деп хабарлады

ҚР Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық санатына жататын құқық бұзушылықтардың шамамен 40%-ы ерлерге қатысты жасалғанын хабарлады.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында аталған құқық бұзушылықтардың шамалы өсімі тіркелді — 0,4%, ал олардың тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санының үлес салмағы бар болғаны 1% құрады.

Құқық бұзушылықтардың жартысынан астамы мас күйінде, 82% — жұмыс істемейтіндер жасады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 54% — әйелдер, 6% — кәмелетке толмаған балалар, 40% — жақындарының қолынан зардап шеккен еркектер — әкелер, ағайындар, — деп атап өтті Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев брифингте.

Оның айтуынша, аталған құқық бұзушылықтардың өсуі биылғы жылы халықтың өзін-өзі оқшаулауына негізделген.

Жыл басынан бері тұрмыстық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке 19 мыңнан астам құқық бұзушы тартылды. 61,7 мыңнан астам қорғау құсқамасы шығарылды. 7,8 мыңнан астам құқық бұзушының тәртібіне ерекше талаптар қойылды, оның ішінде 5 мыңға жуығы алкоголь ішпеу және есірткі заттарын пайдаланбау, — деп қосты Әкімшілік полиция комитетінің басшысы.

Пандемия жағдайында министрлік есептегі адамдарды қашықтықтан бақылаудың жаңа әдісін енгізді — мессенджерлер арқылы видеобайланыс. Сонымен қатар, карантин кезеңінде зорлық-зомбылық құрбандары үшін барлық өңірлерде уақытша бейімделу үшін қонақ үй қорынан резерв құрылды.

Добавить комментарий