Украина аумағынан Польшаға эвакуацияланған Қазақстан азаматтары бүгін Отанына оралады.
Тағы 89 адам Польшадан Алматыға бесінші рейспен ұшады, деп хабарлайды Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
«Қазақстан азаматтарымен бесінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:53-те Катовицеден Алматыға ұшты», — делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
Әуе кемесінің Алматы қаласының әуежайына шамамен келу уақыты сағат 15:15-те.
«Ұшақ бортында 89 жолаушы бар», — делінген хабарламада.