Екі студент Шымкенттегі үйлердің бірінің ауласынан жаңадан туған нәрестені тауып алды.
Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов хабарлады.
«Ұл, салмағы 3 келі, бала екі күн бұрын дүниеге келген», — деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Бақытжан Позилов айтып өткендей, екі студент баланы Call-орталығының маңынан тапты. Олар шақалақты Call-орталық ғимаратына әкелді. Қызметкерлер жаңадан туған нәрестеге алғашқы медициналық көмек көрсетті, себебі сәбиде гипотермия болды, содан кейін оны ауруханаға жатқызды.