Қазақстанда сауда-саттықта доллар бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша (KASE) доллардың орташа алынған бағамы 0,74 теңгеге төмендеп, 489,57 теңгені құрады.

Ақша айырбастау пункттерінде долларды 489 теңгеден сатып алып, 496 теңгеден сатады, еуроны — 558-553, рубльді — 5,3-5,65 теңгеден.

Айта кету керек, 2013 жылғы қыркүйек айынан бері алғаш рет Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 116 доллардан (56 778 теңге) асты.

3 наурыздағы сауда-саттық деректері бойынша мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,81%-ға — барреліне $116,63 дейін қымбаттады; сәуір айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері 2,8%-ға — барреліне $113,7 дейін қымбаттады.

Добавить комментарий