1 наурызда Қазақстанда темекі бағасы қайтадан қымбаттайды

2022 жылғы 1 наурыздан бастап темекі мен папиростардың барлық түрінің бағасы қымбаттайды.

ҚР Қаржы министрі 2022 жылғы 22 ақпандағы бұйрығымен темекі өнімдерінің минималды бөлшек сауда бағасын белгіледі.

Осылайша, сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 талының ең төменгі құны:

2022 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 30 маусымды қоса алғанда 550 теңге;

2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 570 теңге;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 600 теңге.

Бұйрық 2022 жылғы 1 наурызынан бастап күшіне енеді.

Добавить комментарий