Қазақстан азаматы Сириядағы содырларға терминал арқылы ақша жіберіп отырған.
Қазақстанның Қаржы мониторингі агенттігі QIWI әмиян арқылы сириялық содырларды қаржыландырған азаматты анықтады.
Тергеу барысында азамат жүйелі түрде Сириядағы жауынгерлердің шетелдік QIWI-әмияндарына ақша аударғаны анықталды.
«Айта кетсек, бұл азаматтың күдікті операциялары туралы алғашқы ақпарат QIWI-ден келіп, құқық қорғау органдарына жедел әрекет етуге және терроризмді қаржыландыру схемасын жоюға мүмкіндік берді», — деп хабарлады агенттіктегілер.
Төлем терминалдары қылмыстық схемаларда танымал, себебі клиент анонимді болып қалуына мүмкіндік береді.
Мысалы, қазақстандықтардың бірі әлеуметтік желілерде есірткіні жарнамалап, төлем терминалдары арқылы ақша алып отырған. Сатушы төрт ай ішінде бірдей сомамен 450 ақша аударымын алған.
Агенттіктегілер атап өткендей, Қазақстанда қаржылық операциялар туралы деректерді жинау жүйесінде тіркеуден өтпеген төлем ұйымдары бар.
Агенттік аталған ұйымдарға дереу WEB-СФМ тіркеуден өтуді және шекті және күдікті операциялар туралы уақтылы хабарлауға шақырамыз.