Алматының шетінде қару-жарақ жасырынған орын табылды

Алматының шетінде шопан қару-жарақ пен арнайы оқ-дәрілер жасырынған жерді тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі хабарлады.

«Біздің бөлімшеге У.есімді азамат хабарласты және “Дархан” ықшамауданындағы сайда мал бағып жүрген кезінде қару-жарақ арсеналын тауып алғанын хабарлады. Ақпарат расталды

Жедел-тергеу тобы каска, оқ өткізбейтін кеудеше, Калашников автоматынан мүйіз, 7,62 мм калибрлі 20 патрон, “Беретта” травматикалық тапаншасы, резеңке таяқшалар, “Макаров” тапаншасынан 19 патрон және белгісіз травматикалық тапанша тәркілеген», — деп хабарлады сәрсенбі күні полиция басқармасының бастығы.

Ол «қойманың ішінен табылғандардың меншік құқығы мен шығу тегі одан әрі тексеру барысында анықталады» деп қосты.

«Арсеналды жасырған тұлғалар анықталып, жауапқа тартылады», — деп сендірді Өмірсеріков.

Добавить комментарий