Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінде салық амнистиясын пайдаланған қазақстандықтардан есептен шығарылған өсімпұл сомасын жариялады.
Еліміздің 31 338 азаматы өсімпұл төлеуден құтылды. Бұл тұлғалар 295,3 млн теңге төледі, бұл ретте есептен шығарылған өсімпұл 64,1 млн теңгені құрады.
Бұл мәселеде елорда тұрғындары үлкен белсенділік танытты. Салықтық амнистия жасау мүмкіндігін қазірдің өзінде 10 мыңнан астам адам пайдаланған.
Ал өтелген негізгі қарыздың сомасы бойынша Алматы көш бастап тұр. Оңтүстік мегаполис тұрғындары 75,6 млн теңге салық төлеп үлгерген. Үздік үштікке Түркістан облысы (35,1 млн) мен Алматы облысы (34,2 млн) бар. Есептен шығарылған өсімпұл сомасының айқын фавориті Алматы болды. Мұнда бұл сома 18,4 млн. теңгені құрады. Нұр-Сұлтанда 17,7 млн теңге өсімпұл есептен шығарылды. Бұл санаттағы көшбасшылар үштігін Маңғыстау облысы алып отыр. Онда 4,5 млн теңге өсімпұл есептен шығарылды, — делінген хабарламада.
Қостанай облысының тұрғыны 1,4 млн теңге көлік салығын төледі. Оған 1,07 млн теңге көлемінде өсімпұл есептен шығарылды.
Алматыда 1,2 млн теңге көлеміндегі мүлік салығы бойынша негізгі қарызды қала тұрғыны төледі, есептен шығарылған өсімпұл — 429 мың теңге. Жер салығы бойынша қарызды Ақтөбе облысының тұрғыны өтеді. Қарыздың негізгі сомасы — 51 мың теңге, есептен шығарылған өсімпұл — 43 мың теңге.