Доллар бағамы өткен аптадан бері өзгеріссіз тұр

Қазақстанның айырбастау пункттерінде доллар бағамы өткен апта, 4 қарашадағы, көрсеткіштермен салыстырғанда өзгеріссіз тұр.

Кеше доллардың орташа бағамы 431 теңгені құрады. KASE Қазақстан қор биржасының мәліметтеріне сәйкес, америкалық валюта 428,67 теңгеге қымбаттаған.

Бүгін Алматыда долларды 430,3-431,5 теңгеге сатып алса болады. Нұр-Сұлтанда 430-432 теңгеден саудаланады. Шымкент пен Қостанайда — 430,5 теңге.

Талдықорғанда «шетелдік» валюта 431,3 теңгеге сатылып жатыр. Ақтөбеде оның құны 430-431 теңге. Риддерде — 430 теңге. Таразда — 431 теңге. Семейде — 429,95 теңге.

Атырауда ақша айырбастау орындары жұмыс істемей тұр.

Добавить комментарий