Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитеттің құрылымы қайта ұйымдастырылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты тұлғаларға осындай тапсырма берді.
Бұл туралы ведомствоның сайтында хабарланды.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ҰҚК шаралары туралы Мемлекет басшысының 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында және 27 қаңтарда Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның қызметін қайта форматтау жөніндегі жұмысты бастады», — делінген ресми баспасөз хабарламасында.
Ведомство ҰҚК органдарының, оның ішінде Шекара қызметі мен «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің құрылымын, міндеттері мен функцияларын бағалау және оңтайландыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылғанын айтты.
«Терроризмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес, сондай-ақ экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерінің қызметін қайта құру және нығайту мәселелері жеке шығарылды. Жеке құрамның жауынгерлік дайындығын күшейту бойынша шаралар әзірленді», — делінген хабарламада.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың ТҚО режимі жағдайындағы бірлескен іс-қимылдарына оларды жетілдіру жөніндегі шараларды әзірлей отырып талдау жүргізуде.
«Бұл жұмыстың нәтижесі ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік іс-қимылын ұйымдастырудың құрылымы мен тәсілдерін қайта ұйымдастыру болады», — деп атап өтті Ұлттық қауіпсіздік комитетінде.
Тоқаев 11 қаңтарда ҰҚК елімізге төнген маңызды қауіпті байқамады деп мәлімдеді.
«Біздің қоғамның біртұтастығы кәсіби әзірленген сценарийлер бойынша наразылық акциялары арқылы бұзылды. Радикалды шаралардың нақты орындаушыларын дайындау конспирациялық жолмен жүргізілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті уәкілетті орган ретінде елдегі іріткіге нақты баға бере алмады, бергісі де келмеді. Ұлттық қауіпсіздікке сыни қауіп-қатерді байқамады», — деді Тоқаев мәжіліс отырысында.