Балаларын аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды

Түркістан облысында баланы ұрып-соғу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Жәбірленуші — ұлы, күдікті — оның әкесі. Хабарланғандай, ер адам балаларын бірнеше рет ұрған, полиция бұл фактілер туралы білген. Бұл оқиғаға қорғаншылық органдарының реакциясы туралы хабарланған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде полицейлер ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнесін анықтаған болатын. Бұл фактіні ҚР ҚК 110-бабы «Азаптау» 2-бөлімі бойынша Қазығұрт ӨКМ СДТТБТ тіркеді. Сол күні күдіктінің әйелі өз балаларын ұрып-соғу туралы арызбен полиция бөліміне жүгінген. Полицейлер ер адамды,жұмыс істемейтін жергілікті тұрғынды ұстады.

Полицейлер анықтағандай, отбасылық жұп 2011 жылдан бері некеде тұрып келеді. Ортақ үш баласы бар.

Бұған дейін әйел 2018 жылы күйеуін ұрып-соғатыны туралы полицияға ауызша жүгінген, бірақ арыз беруден бас тартқан. 2019 жылдың сәуір айында ол қайтадан полицияға дене жарақаттары туралы айтып жүгінген. Алайда, медиация арқылы әкімшілік іс жүргізу оның күйеуін кешіруіне байланысты тоқтатылды. Сол кезде күйеуі тағы да жауапкершіліктен құтылған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Ер адам тұтқындалды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда, — деп хабарлады полициядан.

Добавить комментарий