Қазақстан мен Тәжікстанның екіжақты тауар айналымы жаңа деңгейге жетті. Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет бұл көрсеткіш 2021 жылы 1 млрд АҚШ долларынан асты.
Қазақстан осындай көрсеткішке жеткен Ресейден кейінгі екінші ел.
Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы екіжақты сауда айналымы 2021 жылы шамамен $1,2 млрд құрады, деп хабарлайды ТР президенті жанындағы Статистика агенттігі.
Былтыр Тәжікстан-Қазақстан тауар айналымы шамамен 30%-ға өсті. Оның $820 млн Қазақстаннан жеткізілген тауарға, ал 360 млн Тәжікстан экспортына тиесілі.
Былтыр ресми статистикалық мәліметтер бойынша Тәжікстан 1 млн тоннаға жуық бидай мен ұнды импорттады. Өзімізде бидай өсетіндіктен, республикамыз ұнның үштен бір бөлігін ғана қамтамасыз ете алады.
Сонымен қатар, Тәжікстанда 60%-дан астам автокөлік тұтынатын сұйытылған газдың 90%-ы Қазақстаннан жеткізіледі.
Сондай ақ Қазақстаннан ұн мен бидай, сұйытылған газ, ұн өнімдері, жануарлар мен өсімдіктерден алынатын майлар мен сұйық майлар, күкірт, сабын, беткі белсенді органикалық заттар мен сылақ материалдар импортталады.
Мұнай өнімдері, қара металдар прокаты, бейорганикалық химия өнімдері айтарлықтай үлкен көлемде жеткізіледі.
Тәжікстан Қазақстанға мақта, алюминий және одан жасалған бұйымдар, кен, шлак, күл, жеміс-көкөніс өнімдерін, сондай-ақ тоқыма материалдарын жеткізеді.
Былтыр Тәжікстанның сыртқы сауда айналымының бестен бір бөлігі Қазақстанмен тауар айналымына тиесілі болды, шамамен 6,4 млрд доллар.
Тәжікстанның басты сауда серіктесі Ресей ($1,3 млрд) болып қала береді .
Қытаймен тауар айналымы $840 млн, Өзбекстанмен — $450 млн құрады.
Былтыр Тәжікстанның 120 елмен сауда қарым-қатынасы болған, сауда-саттықтың 50%-ы ТМД-ның 10 еліне тиесілі.
Сауда балансы жағымсыз қалыптасты: экспорт — 2,1 млрд. астам және импорт — $4,2 млрд..