Қытай Халық Республикасы Компартиясы Орталық комитетінің төрағасы Си Цзиньпин осы жылдың қаңтар айында Қазақстанда орын алған тәртіпсіздіктер пікір білдірді.
«Біз сыртқы күштердің өңірдегі түрлі-түсті революцияны жасауға , адам құқығы деген желеумен ішкі істерге араласуына, халықтарымыздың тыныш өмірін бұзу әрекеттеріне үзілді-кесілді қарсымыз. Қазақстанда жақында болған тәртіпсіздіктер адам өлімі мен материалдық шығынға алып келді. Қазақстанның көршісі әрі досы ретінде Қытай Қазақстанның зорлық-зомбылықты тоқтату және жағдайды тұрақтандыруға деген күш-жігерін толық қолдайды. Қытай Қазақстанға қажетті қолдау мен көмек көрсетуге дайын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың берік басшылығымен Қазақстан халқы жарқын болашаққа жететініне сенімдімін», — деді ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин.
Ол тату көршілік пен достық Орталық Азия елдері қарым-қатынасының негізі болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, Қытай стратегиялық үйлестіруді жандандыра отырып, өңірдегі мемлекеттермен жоғары деңгейдегі байланыстарды одан әрі кеңейтетін болады.
«Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері кездесуінің рөлі және диалогтың басқа да тетіктерін іске қосу, ынтымағымыз бен өзара сенімді нығайту, бірлескен даму мен өркендеу жолында өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету маңызды деп санаймын», — деп атап өтті ҚХР төрағасы Си Цзиньпин.
Еске сала кетейік! Бүгін, 25 қаңтарда онлайн-форматта «Орталық Азия — ҚХР» саммиті өтуде. Кездесуге ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Қазақстан президенті — Қасым-Жомарт Тоқаев, Тәжікстан президенті — Эмомали Рахмон, Қырғызстан президенті — Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті — Шавкат Мирзиеев және Түркіменстан президенті — Гурбангулы Бердымұхамедов қатысуда.