Қазақстан Астана форматында Сирия бойынша келіссөздерді өткізуге мүдделі

Қазақстан билігі Астана форматында Сирия бойынша кезекті келіссөздерді өткізу үшін өз алаңын ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

Еліміздің СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді қазір Астана процесінің кепілгер елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізу келісіліп жатқанын атап өтті.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 20 желтоқсанда Астана форматында Сирия бойынша халықаралық кездесуді өткізуге дайын. Бұл туралы сейсенбі күні журналистерге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті.

«Біз 20 желтоқсанда [Сирия бойынша келіссөздер] өткізуге дайын екенімізді растадық. Біз ресейлік тараптан ресми нотаны алдық, енді басқа елдердің жауап күтеміз. Содан кейін ғана біз ресми түрде отырысқа шақыра бастаймыз», — деді Тілеуберді келіссөздер мерзімі туралы сұраққа жауап бере отырып.

Ол сондай-ақ қазір Сирия мәселесі бойыша келіссөздер аясында Қазақстанда Астана процесінің кепілгер елдерінің (Ресей, Түркия, Иран) сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізу келісіліп жатқанын атап өтті. «Қазір кепілгер елдер арасында келіссөз жүргізілуде. Біз өз тарапымыздан осы кездесуді және министрлердің кездесуін өткізуге дайын екенімізді растаймын», — деп түсіндірді Тілеуберді СІМ басшыларының жоспарланған кездесуі туралы.

Сирия мәселесі бойынша жоғары деңгейдегі 16-шы халықаралық кездесу 7-8 шілдеде Нұр-Сұлтанда кепілгер елдер делегацияларының, Сирия үкіметі мен қарулы оппозицияның қатысуымен өтті. Келіссөздерге қатысушылар араб республикасындағы жағдайды, халықаралық гуманитарлық көмек, Женевадағы Сирия Конституциялық комитетінің жұмысын қайта жандандыру перспективаларын, сондай-ақ тұтқындармен алмасу, кепілге алынғандарды босату және хабар-ошарсыз жоғалып кеткендерді іздеу сияқты сенімді нығайту шараларын талқылады.

Добавить комментарий