Алматыда демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын қайта басталады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов Оңтүстік астанада демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын қайта бастайтынын айтты. «Осы аптадан бастап демалыс күндері өтетін азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын қайта бастайды. Бес ауданда өтетін жәрмеңкеге Алматы облысының маңындағы аудандардың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері, сондай-ақ Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындары қатысады», — деді Қиқымов дүйсенбі күні Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабының отырысында.

Добавить комментарий