Германияның экс-канцлері Ангела Меркель Біріккен Ұлттар Ұйымының ұсынысынан бас тартты.
Германияның бұрынғы канцлері ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесіп, жоғары деңгейдегі кеңесші лауазымын ұсынғаны үшін алғыс білдірді.
Бұл туралы сәрсенбі күні DPA агенттігі бұрынғы үкімет басшысының бюросына сілтеме жасап хабарлады.
Меркель «аталған мәселе бойынша бас хатшымен телефон арқылы сөйлесті, оған алғыс білдіріп, ұсынысты қабылдамайтынын айтты», — деп атап өтті экс-канцлер бюросы.
Бұған дейін Гутерриш ұсыныс жасағанын неміс БАҚ-тары хабарлаған болатын.
Меркель 16 жыл канцлер лауазымын атқарды. 2018 жылы ол бесінші мерзімге сайланбайтынын мәлімдеді. 2021 жылғы желтоқсанда оның орнына ГФР үкіметінің басшысы болып социал-демократ Олаф Шольц тағайындалды.
Бұрынғы канцлер отставкаға кеткеннен кейін саяси қызмет атқармайтынын бірнеше мәрте айтқан болатын.