Шетелдік БАҚ-тан белгілі болғандай, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 2022 жылғы 20 қаңтарда ГФР-ға сапармен барады.
Сапар барысында ол ГФР канцлері Олаф Шольцпен және СІМ басшысы Анналена Бербокпен кездеседі. Бұл туралы сейсенбі күні n-tv телеарнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады. ТАСС тілшісі әзірге ГФР үкіметінен растау алған жоқ.
Телеарна хабарлағандай, келіссөздердің басты тақырыбы Украина төңірегіндегі жағдай болмақ.
Бербок дүйсенбі күні Киевте келіссөздер жүргізді, бүгін Мәскеуде РФ СІМ басшысы Сергей Лавровпен кездеседі.