Оппозиция Зеленскийге қатысты импичмент процесін бастады

Украиналық оппозиция үш телеарна жабылғаннан кейін Владимир Зеленскийге импичмент рәсімін жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдады.

Украиналық ресейшіл «Оппозициялық тұғырнама — Өмір үшін» партиясы (ОТӨҮ) Украина президенті Владимир Зеленскийдің импичмент рәсімін бастады. Бұған «112 Украина» , ZIK мен NewsOne оппозициялық телеарналарына және олардың иесі болып табылатын ОТӨҮ депутаты Тарас Козакқа қарсы санкциялар себеп болды. Бес жыл бойы ол өз мүлкіне еркін иелік ете алмайды. Аталған арналар лицензиясынан айырылып, хабар таратуды тоқтатты.

Партия мүшесі, Жоғарғы Рада сөз бостандығы комитетінің басшысы Нестор Шуфрич комитеттің шұғыл отырысын шақырып, парламентте фракциялар деңгейінде мәселені кеңінен талқылауға бастамашы болады деп үміттенеді. Ол шектеу тек шетелдік азаматтар мен шетелдік компанияларға қатысты, сондай-ақ шетелдік азаматтарға тиесілі компанияларға қатысты енгізілетін санкция туралы Украинаның заңын бұзатынын көрсетеді.

ОТӨҮ сайтында жарияланған мәлімдемеде украиналық телеарналар мен депутат Козакқа қарсы санкциялар билікті заңсыз басып алу әрекеті деп атады: «Украина Президентінің Жарлығы билікті узурпациялау актісі, ашық цензура, елде диктатура мен бұзақылықты орнату әрекеті, демократияның барлық халықаралық қағидаттары мен нормаларын бұзу болып табылады».

Добавить комментарий