Көктайғақ кеіндегі қауіпсіздік ережесі: Алматы ТЖД ескерту жариялады

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік ережесін жариялады.

Ол көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жолда мұқият болуға шақырды.

Құлап жарақат алмау үшін көктайғақ кезінде мынадай ережелерді сақтау қажет:

есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізуі күрт нашарлайды және жүргізушінің көлікті бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін;

көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек;

абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б. алаңдамаңыз.;
әрқашан алдыңызда аяқтың астына қараңыз;

аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;

қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып құлайтын жерлер болып табылады.

Бұған дейін Алматы тауларында тұман түсіп, көктайғақ болатынын хабарланған болатын.

Добавить комментарий