ҚР Мемлекеттік хатшы президенттің жаңа Қазақстан жайлы айтқан сөзі нені білдіретінін айтты

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің президенттің жаңа Қазақстан жайлы айтқан сөзі нені білдіретінін айтты.

Ерлан Қарин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламент мәжілісінде сөйлеген сөзінің негізгі түйіні неде екенін айтты. Кариннің айтуынша, біріншіден Мемлекет басшысының сөзі террористерге қарсы күрестің шешуші кезеңінің аяқталғанын білдіреді.

«Соңғы үндеумен президент атынан билік түбегейлі бастаманы өз қолына қайтарып қана қоймай, жаңа күн тәртібін ұсынды. Азаматтар, қоғам мен элита үшін ертеңгі күннің көрінісі белгіленді. Президент ұсынған күн тәртібі қоғамды шабыттандыруға, үміт, оптимизм беруге және күрделі мәселелерді шешу үшін сындарлы бағыт белгілеуге арналған. Ол баршамызды Жаңа Қазақстанды құру дейтін үлкен жасампаз процеске қатысуға шақырады. Бұл бағыт барлық саналы қоғамдық-саяси күштерді, алға жылжу үшін біріктіріп, бір мақсатқа шоғырландыруды көздейд», — деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, «жаңа Қазақстан» ұғымы тек мемлекеттік аппаратты жаңартуды білдірмейді.

«Бұл, ең алдымен қоғамдық құндылықтарды қайта жаңғырту. Радикализмнен, экстремал көзқарастар мен әрекеттерден бас тарту, жасампаздық мотвті нығайту. Қоғамдағы барлық кемшіліктерді еңсеру. Бұл кезең-кезеңмен және жүйелі реформаларды жалғастыруды білдіреді. Мемлекеттік саясаттың гуманитарлық өлшеммен қарап, адами капиталға басымдық беріледі», — деп атап өтті ол.

Добавить комментарий