Алматыда коменданттық сағат енгізілді: тәртіп бұзғандар жазаланады

Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат енгізілді. Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

ТЖ режимін және коменданттық сағатты бұзғандар қандай жазаға тартылады?

Айыппұл салама немесе тұтқындай ма?

Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзғандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

ТЖ режимін бұзғандарға ​мемлекеттік орган белгілеген мынадай талаптарды орындамау жатады:

кіру және шығу шектелді;

коменданттық сағат кезінде жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу;

белгiлi бiр жеке тұлғалар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерінен/үйінен кетуге тыйым салу;

бейбіт жиналыстарды, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу немесе оларды шектеу;

ереуілдер өткізуге тыйым салу;

қарумен, күшті әсер ететін химиялық және улы заттармен, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктер мен құрамында спирт бар заттармен саудасын шектеу немесе оған тыйым салу;

карантин және басқа да міндетті санитарлық-эпидемияға қарсы ic-шаралар жүргізу;

байланысты пайдаланудың ерекше қағидалары;

көлік құралдарының қозғалысын шектеу және оларды жете тексеруден өткiзу.

Аталған тәртіп бұзылса 10 АЕК (30 630 теңге немесе 72 доллар) мөлшерінде айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

Егер тәртіп бұзушылықтар жаза қолданылғаннан кейін бір жыл өткен соң қайта жасалса, бұл 20 АЕК (61 260 теңге немесе 142 доллар) мөлшерінде айыппұл салуға немесе 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

Алматы қаласы мен Маңғыстау облысындағы коменданттық сағат

Коменданттық сағат Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылдың 5 қаңтарынан 19 қаңтарына дейінгі ТЖ режимі аясында күшінде болады.

Коменданттық сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін көшеде және қоғамдық орындарда болуға тыйым салуды, сондай-ақ басқа да бірқатар шектеулерді көздейді.

Добавить комментарий