Алматыда автотұрақ ақысы көтеріледі


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/04/speech-52630-1682103678-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Алматы қаласында жақын арада ақылы тұрақ тарифтері өзгертіледі. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев мәслихат отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, тұрақ құны ауданға байланысты болады. Мәселен, қаланың неғұрлым тарихи маңызды бөліктерінде тарифтер көтеріледі.

Нақты қай аудандар тарихи болатыны және қандай негізде осылай есептелетіні әзірге хабарланбады. Алматыда тарихи құндылығы бар ғимараттар сүріліп жатқаны белгілі. Мәселен, «Целинный» кинотеатры сүрілді, оның орнында қазір қызу сауда  жүріп жатыр, Пионерлер үйінің орнына үлкен қонақ үй тұр, ескі әуежай ғимараты экскаватормен бұзылды. Алматыда сүрілген ғимараттар саны өте көп.

Қазіргі таңда тариф құны мен ставкасы әзірге белгісіз.

Қазіргі таңда тарифтің қашан енгізілетіні және ставкасы әзірге белгісіз.

Автотұрақтардан алынған қаражат қаланың тиісті аудандарындағы Халық қатысатын бюджет жобасына бағытталады.

Жаңа тарифтерді енгізу 1 шілдеге дейін жоспарланғанына қарамастан, әкім бұл жұмыс қыркүйек айының басында ғана аяқталатынын мойындады.

Добавить комментарий