Қостанай облысы: Қаруды заңсыз сақтау фактісі анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғынынан заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Разгульное ауылының тұрғынынан тоғыз бірлік қару мен 1 мыңнан астам патронды тәркіледі», — делінген сейсенбі күні хабарламада.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері хабарлағандай, ол күзде солтүстікқазақстандық жедел уәкілдердің назарына іліккен, «жедел іс-шаралар жүргізілгеннен кейін полицейлердің күдігі расталды».

«Желтоқсанның басында басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ауыл тұрғынына тінту жүргізілген, оның барысында қарудың толық жиынтығы табылды. Қару кереуеттің астында, шкафтарда, үйдегілердің барлығы үшін қауіпті жағдайда сақталған. 3 винтовка, 5 мылтық пен бір тапанша, сондай-ақ оқ-дәрілер тәркіленді. Қазіргі таңда ұсталғанның басқа да қылмыстарға қатысы бары тексерілуде», — деді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Барлық алынған заттар сараптамаға жіберілді.

«Күдіктінің айтуынша, ол қаруды көктемде өзеннен тауып алған. Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның ПБ тергеушілеріне ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3,4-бөліктері (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында мән-жайларды анықтауына тура келеді. Қазіргі уақытта күдікті күзетпен қамауға алынды», — деп толықтырды полицейлер.

Добавить комментарий