Лондон жақындап келе жатқан дағдарысқа Ресей Федерациясы кінәлі деп мәлімдеді.
Елдің энергетикалық компаниялары үкіметтен шара қабылдауды сұрайды.
EDF, Good Energy және Energy UK компанияларының басшылары бұл ел өнеркәсібін апатқа ұшырататынын айтты.
«Бұл ұлттық дағдарыс. Газ бен электр энергиясының көтерме бағасы соңғы үш аптада бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін өсті», — деп мәлімдеді Good Energy атқарушы директоры Найджел Поклингтон.
EDF компаниясының өкілі Филипп Коммаре энергетика саласындағы жағдайды күрделі деп атады. Оның айтуынша, бұл тек басы ғана және жағдай одан әрі ушығады. Жеткізушілер тұтынушыларға қолдау көрсетуге тырысса да, осы салада кездесетін проблемалар көбейеді.
Ұлыбританияда бұған дейін де Ресейді газ мәселесіне қатысты айыптаған болатын. Қазан айында Daily Mail Ресей президенті Владимир Путин жанармай импортына байланысты ел «үстемдік» етуде деп мәлімдеді.
Бұған дейін Владимир Путин Еуропаның жанармай дағдарысына байланысты Мәскеуге тағылған айыптарды сандырақ деп атаған болатын. Ресей президенті атап өткендей, бірнеше себептер энергетика нарығын тежеп тұр: қолайсыз ауа райы, биыл жел станцияларының тиімсіз жұмысы және құрлықтағы жерасты қоймаларында газ қорының жеткіліксіздігі. Путин Брюссельге шикізат жеткізуге арналған ұзақ мерзімді келісімшарттарды күшінде қалдыруды ұсынғанын еске салды.