Қазақстанның Министрлер кабинеті елімізде сиыр етінің бағасы арзандағанын айтты.
«Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға төмендеді. Бағаның ең көп төмендеуі Түркістан облысында және Нұр-Сұлтан қаласында (-0,6%), Жамбыл облысында (-0,3%), Шымкент қаласында (-0,2%) тіркелді. Тауарлар бөлінісінде республика бойынша сәбіз (-2,2%), картоп (-0,5%), пияз және рожки (-0,4%), сиыр еті (-0,3%), күріш (-0,2%), сүт және қарақұмық (-0,1%) бағасының төмендеуі байқалады», — деп хабарлады сенбі күні Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан үкіметі қалған өнімдер бойынша «бағалар тұрақты» екенін айтты.